Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмасына сәйкес зертханалар желісінің нысандарын жаңарту жұмыстары аясында Үржар аудандық ветеринариялық зертханасы дизель отынынан қатты отынға көшірілді.
Жоба аясында:
- заманауи блокты-модульдік қазандық кешені салынды;
- көмір сақтауға арналған қойма жабдықталды;
- Қарағанды қаласында өндірілген отандық «Горняк» маркалы қазандықтар орнатылды;
- инженерлік желілер, электрмен жабдықтау, түтін шығару, желдету және автоматтандыру жүйелері толық жаңартылды.
Жобаның басты нәтижесі – бюджет қаражатын едәуір үнемдеу. Бұған дейін дизель отынын пайдаланған кезде қазіргі жағдайдағы бір жылыту маусымына кететін шығын шамамен 9 млн теңгені құрауы мүмкін болса, қатты отынға көшкеннен кейін бұл шығын 2 млн теңгеден аспайды. Осылайша, жыл сайын 7 млн теңгеден астам қаражат үнемдеу күтілуде.
Жобаны іске асыру зертхананы сенімді жылумен қамтамасыз етуге, күзгі-қысқы кезеңде зерттеулердің үздіксіз жүргізілуіне және мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.







