Бас директор Темірхан Амантайұлы Елшібаев Алматы облыстық филиалына жұмыс сапарымен барды

Главная страница » Жаңалықтар » Бас директор Темірхан Амантайұлы Елшібаев Алматы облыстық филиалына жұмыс сапарымен барды

Жұмыс сапары барысында Кәсіпорын басшысы ұжыммен ашық диалог өткізіп, еңбек жағдайларына, кәсіби қажеттіліктеріне және қызметкерлерді толғандыратын мәселелерге қызығушылық танытып, олардың ұсыныстарын тыңдады. Ол зертхананың тұрақты дамуы заманауи жабдықтар мен технологияларға ғана емес, ең алдымен қызметкерлердің кәсібилігіне, жұмысына белсенді араласуына және әл-ауқатына байланысты екенін атап өтті.

Жұмыс кездесуі барысында зертханалық әлеуетті дамыту, зерттеулердің сапасын арттыру, кадрлық қамтамасыз ету және мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелері қаралды.

ISO/IEC 17025 стандарты бойынша аудандық ветеринариялық зертханаларды аккредиттеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және РВЗ алдына қойылған міндеттерге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық дәрілік препараттардың қалдық мөлшерін анықтау үшін жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы-масс-спектрометрия (ЖТСХ-МС) әдісімен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Мамандардың құзыреттілігін объективті бағалау мақсатында Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан провайдерлерді тарта отырып, зертханааралық салыстырмалы сынақтар өткізуді ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Бұл зерттеулердің сапасын арттыруға және олардың нәтижелеріне халықаралық деңгейде деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

РВЗ қызметкерлерінің жалақысы көтерілгеннен кейін бос лауазымдарды толықтыруда оң динамика байқалғаны атап өтілді. Филиал ұжымына жас мамандар, оның ішінде бейінді жоғары оқу орындарының түлектері келуде. Бұл кәсіби тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етіп, зертханалық құзыреттерді одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Елшібаев Темірхан Амантайұлы ұжымның кәсібилігін және Алматы өңірлік филиалының зертханалық диагностиканы, микробқа қарсы төзімділіктің мониторингін дамытуға, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып отырған үлесін атап өтті.

Актуальные новости