2024 жылы басталған кешенді іс-шараларды жалғастыра отырып, Республикалық ветеринариялық зертханада 2025 жылы желдету жүйелерін жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде әрі қарай дамытылды.
Іс-шаралар Кәсіпорын бас директорының тапсырмаларын орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-125 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Бұрын орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының нәтижелері мен жаңғыртылған жүйелерді пайдалану тәжірибесін ескере отырып, бас директордың бастамасымен жаңа объектілерді жобаларды кейіннен іске асыруға дайындау жұмыстары ұйымдастырылды.
Осы кезең аясында жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, заманауи сору-сыртқа шығару желдету жүйелерін орнату мүмкіндігі мен ғимараттардың сенімділігіне техникалық тексеру жүргізуді қамтитын кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Жүргізілген дайындық жұмыстары алдағы құрылыс-монтаж іс-шараларының техникалық негізділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.
2025 жылғы кезеңге енгізіліп, 2026 жылы іске асырылатын объектілер қатарына Павлодар облыстық филиалының Аққулы және Ақсу аудандық ветеринариялық зертханалары, Абай облыстық филиалының Бесқарағай аудандық ветеринариялық зертханасы, сондай-ақ Жетісу облыстық филиалының Үйгентас және Ескелді аудандық ветеринариялық зертханалары кірді.
Аталған жобаларды іске асыру биологиялық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, зертханалардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және зертханалық зерттеулер жүргізетін мамандар үшін тұрақты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Биологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін заманауи инженерлік-техникалық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылуда. Жобалар аясында ауаны ультракүлгін сәулемен зарарсыздандыруға арналған бактерицидтік секциялар, жоғары тиімді HEPA-сүзгілері, сондай-ақ зертханалық үй-жайларда ауа тазалығының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ететін сатылы сүзгілеу және реттелетін ауа алмасу жүйелерін орнату көзделген.












