2024 жылы жоғары тиімді сұйықтықтық хроматографты (ЖТСХ) сатып алу аясында, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмасына сәйкес жоғары дәлдіктегі аналитикалық жабдықтарды орналастыруға, пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кешенді жөндеу-дайындық жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген іс-шаралар ЖТСХ жабдықтарын орнату және олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайлар жасауға, зертханалық үй-жайларды заманауи техникалық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ зертханалық практика мен биологиялық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Аталған іс-шараларды іске асыру аясында Кәсіпорынның 9 облыстық және өңірлік филиалында жөндеу-дайындық жұмыстары орындалды. Жүргізілген жұмыстар зертханалық үй-жайларды жоғары дәлдіктегі аналитикалық жабдықтарды пайдалану талаптарына сәйкестендіруге, инженерлік коммуникацияларды орналастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге және объектілердің заманауи зертханалық бақылау әдістерін енгізуге дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Жұмыстар барысында инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз етуге, электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығына, үй-жайлар микроклиматына қойылатын талаптарды сақтауға және жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жағдайларын жасауға ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шараларды іске асыру Республикалық ветеринариялық зертхананың материалдық-техникалық базаны жаңғырту, заманауи аналитикалық технологияларды енгізу және жүргізілетін зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

























