Біліктілік арттыруды
- 79
Республикалық ветеринариялық зертхананың жұмыскерлері «Зертханалық қызметтегі сапаны басқару жүйесі» тақырыбы бойынша біліктілік арттыруды сәтті аяқтады. Оқыту 2024 жылғы 22-26 сәуір аралығында Алматы қаласында өтті. Бағдарламаны «ҚР министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және «Жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы» ҚР-дағы USAID жобасы ұйымдастырды.
Жұмыскерлері «БЖДҒЗИ» ФМБМ-де бойынша тәлімінен өтті
- 90
Республикалық ветеринариялық зертхана жұмыскерлері «БЖДҒЗИ» ФМБМ-де ЖТСХ/МС әдісімен тамақ өнімдеріндегі зиянды заттардың қалдық құрамын анықтау бойынша тәлімінен сәтті өтті.
Кеңес
- 76
8 сәуірде Республикалық ветеринарлық зертхананың жұмыскерлері біздің Елімізге әсер еткен су тасқынының төтенше жағдайын талқылау үшін шұғыл жиналысқа жиналды. Бас директор Т.А. Елшибаев бөлім басшыларымен және облыстық филиалдардың директорларымен жиналыс өткізді. Әр аймақтағы жағдайлар егжей-тегжейлі қарастырылып, су тасқынының салдарын жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ағымдағы жылдың 13-20 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Ресей Федерациясы мен Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барды
- 76
Делегация құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК, «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясат талдау орталығының басшылығы мен мамандары кірді.
2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында Республикалық ветеринариялық зертхана жұмыскерлері Оңтүстік Қазақстан өңірлік зертханасына іскерлік сапарға қатысты
- 76
Осы іссапар аясында 12 және 13 наурызда зертханалық жануарлармен жұмыс істеуге жауапты Жетісу, Алматы және Қызылорда облыстық зертханаларының әріптестерімен тәжірибе алмасу бойынша семинарлар өткізілді. Бұл сабақтарда зертханалық жануарларды жайғастыру, көбейту, өсіру, азықтандыру және ұстау мәселелері талқыланды.