МемСТ және ҚР СТ талаптарына сәйкес ет, ет өнімдері, балық, жұмыртқа, жемшөп және жануарлардан алынатын шикізаттың сапасы мен балғындығын органолептикалық әдістермен бағалау

Главная страница » МемСТ және ҚР СТ талаптарына сәйкес ет, ет өнімдері, балық, жұмыртқа, жемшөп және жануарлардан алынатын шикізаттың сапасы мен балғындығын органолептикалық әдістермен бағалау
Бағдарламаны іске асыру мақсаты:

Қолданыстағы МемСТ және ҚР СТ талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдердің, жемшөп пен шикізаттың сапасы мен балғындығын органолептикалық бағалау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Оқу режимі:

Қашықтан оқыту – өз бетінше жұмыс істеу, вебинарларға қатысу және тестілеуден өту; күндізгі оқыту – зертханада практикалық сабақтар өткізу, үлгілермен жұмыс істеу, жабдықтарды пайдалану және есептілікті ресімдеу.

Тыңдаушылар санаты:

Ветеринариялық дәрігерлер, ветеринариялық-санитариялық сарапшылар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының мамандары және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі зертханаларының басқа да қызметкерлері.

Сынақтан өту критерийлері:
  • жабық тестілеу (бірнеше жауап нұсқасын таңдау);
  • ашық сұрақтарға толық жауап беру;
  • 1–2 ситуациялық тапсырманы шешу;
  • қорытынды онлайн-тестілеуден өту (бақылау жұмысы).

Тыңдаушы барлық міндетті тапсырмаларды сәтті орындаған жағдайда қорытынды аттестаттаудан өтті деп есептеледі.

Бағдарламаның қолданылу аясы:

Осы бағдарлама:

  • тағам өнімдерінің қауіпсіздігі зертханаларының, микробиологиялық және ветеринариялық-санитариялық зертханалардың персоналын өндірістік оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру кезінде;
  • мамандарды жануарлардан алынатын өнімдерге, жемшөп пен шикізатқа органолептикалық және микробиологиялық бақылау шеңберінде өз бетінше зерттеу жүргізуге дайындау және оларға рұқсат беру кезінде;
  • сапа менеджменті жүйесі мен нормативтік құжаттар талаптары шеңберінде персоналдың құзыреттілігін растау және қолдау кезінде;
  • зертханаларды ішкі және сыртқы аудиттерге, инспекциялық тексерулерге және мемлекеттік органдардың тексерулеріне дайындау кезінде;
  • зертханалардың салыстырмалы (зертханааралық) сынақтарға және өнім сапасын тексеруге қатысуы кезінде;
  • қызметкерлердің кәсіби дамуының ішкі бағдарламаларын, оның ішінде қашықтан және теориялық оқытуды іске асыру кезінде қолданылады.

Бағдарламаны облыстық, өңірлік және аудандық (аймақтық) тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында пайдалануға болады.

Бағдарламаны іске асыру қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, өнімді органолептикалық бағалаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға, сараптамалық қорытындыларды дұрыс ресімдеуге және жануарлардан алынатын өнімдер мен жемшөп сапасын бақылау кезінде жіберілетін қателер тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны әзірлеушілер:
Елшібаев Т.А. – бас директор
Байсеитов С.Т. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Керимбаева А.У. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Тлеуова Л.Ж. – көп жылдық тәжірибесі бар сарапшы
Базаров Е.Р. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Сейілбеков А.Е. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Төлендиев Ж.Е. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Бағдарлама түрі:
Біліктілікті арттыру бағдарламасы (өндірістік оқыту)
Бағдарлама көлемі:
60 академиялық сағат
Бағдарламаны меңгеру мерзімі:
5 жұмыс күні
Оқыту нысаны:
Өндірістен қол үзбей қашықтан оқыту (өндірістік оқыту)
Оқыту тілі:
Қазақ және орыс тілдері
Қорытынды құжат:
Біліктілікті арттыру туралы куәлік (сертификат)
Қорытынды аттестаттау нысаны:
Тест тапсырмалары, ситуациялық кейстерді талдау және органолептикалық бағалау хаттамаларын қарастыру

Байланыс

Астана қаласы, Республика даңғылы, 50/1

  • 2026 «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Барлық құқықтар қорғалған.