Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін микробиологиялық бақылау және Кеден одағының Техникалық регламенті талаптарын сақтау

Главная страница » Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін микробиологиялық бақылау және Кеден одағының техникалық регламенті талаптарын сақтау
Бағдарламаны іске асыру мақсаты:

Жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріне микробиологиялық бақылау жүргізу, оның ішінде патогенді микроорганизмдерді (Salmonella spp., Listeria monocytogenes, S. aureus, E. coli, Clostridia және т.б.) анықтау, КМАФАнМ және БГКП көрсеткіштерін айқындау, Кеден одағының 021/2011 техникалық регламенті талаптарын сақтау, сондай-ақ зертханалық құжаттаманы дұрыс ресімдеу саласындағы кәсіби құзыреттерді арттыру.

Тыңдаушылар санаты:

Облыстық, өңірлік және аудандық (аймақтық) филиалдардың микробиология бөлімдерінде жұмыс істейтін, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын тамақ өнімдеріне және оларды қайта өңдеу өнімдеріне зерттеулер жүргізетін бөлім меңгерушілері, ветеринариялық дәрігерлер мен зертханашылар.

Оқу режимі:

Қашықтан оқыту – өз бетінше жұмыс істеу, вебинарларға қатысу, тестілеуден өту; күндізгі оқыту – зертханада практикалық сабақтар өткізу, үлгілермен жұмыс істеу, жабдықтарды пайдалану және есептілікті ресімдеу.

Сынақтан өту критерийлері:
  • қашықтан тестілеу мен есептік тапсырмаларды сәтті орындау;
  • барлық практикалық зертханалық жұмыстарды орындау және есептерді ресімдеу;
  • практикалық сабақтар барысында биологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау;
  • практикалық бағалау және/немесе салыстырмалы (зертханааралық) сынақтарға, зертханаішілік бақылауға қатысу нәтижелерінің оң болуы.

Тыңдаушы барлық міндетті тапсырмаларды сәтті орындаған жағдайда қорытынды аттестаттаудан өтті деп есептеледі.

Бағдарламаның қолданылу аясы:

Осы бағдарлама:

  • микробиологиялық зертханалар персоналын өндірістік оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру кезінде;
  • мамандарды микробиологиялық зерттеулерді өз бетінше жүргізуге дайындау және оларға рұқсат беру кезінде;
  • сапа менеджменті жүйесі шеңберінде персоналдың құзыреттілігін растау және қолдау кезінде;
  • зертханаларды ішкі және сыртқы аудиттерге, инспекциялық тексерулерге дайындау кезінде;
  • зертханалардың салыстырмалы (зертханааралық) сынақтарға қатысуы кезінде қолданылады.

Бағдарламаны ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, облыстық, өңірлік және аудандық (аймақтық) ветеринариялық зертханаларда пайдалануға болады.

Бағдарламаны әзірлеушілер:
Елшібаев Т.А. – бас директор,
Байсеитов С.Т. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Керимбаева А.У. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Тлеуова Л.Ж. – көп жылдық тәжірибесі бар сарапшы
Базаров Е.Р. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Сейілбеков А.Е. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Төлендиев Ж.Е. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Бағдарлама түрі:
Біліктілікті арттыру бағдарламасы (өндірістік оқыту)
Бағдарлама көлемі:
90 академиялық сағат
Бағдарламаны меңгеру мерзімі:
8 жұмыс күні
Оқыту нысаны:
Өндірістен қол үзіп оқытылатын қашықтан және күндізгі оқу (өндірістік оқыту)
Оқыту тілі:
Қазақ және орыс тілдері
Қорытынды құжат:
Біліктілікті арттыру туралы куәлік (сертификат)
Қорытынды аттестаттау нысаны:
Тестілеу және кәсіби дағдыларды практикалық тексеру

Байланыс

Астана қаласы, Республика даңғылы, 50/1

  • 2026 «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Барлық құқықтар қорғалған.