Жануарлардың паразиттік және инвазиялық ауруларын зертханалық диагностикалау әдістері мен техникасы
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты:
Ветеринариялық зертханалар қызметкерлерінің паразиттік және инвазиялық жануарлар ауруларын зертханалық диагностикалау саласындағы кәсіби құзыреттерін нормативтік-әдістемелік талаптар негізінде жетілдіру.
Қорытынды аттестаттау:
Қорытынды аттестаттау тыңдаушылардың біліктілікті арттыру бағдарламасында көзделген теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеру деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
Қорытынды аттестаттаудың құрамы:
Теориялық бөлім – бағдарламаның негізгі бөлімдері бойынша тестілеу (гельминтоздар, протозооздар, арахноздар, энтомоздар, микоздар, бал араларының инвазиялық аурулары, зертханалық диагностиканы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету).
Практикалық бөлім – мынадай тапсырмаларды қамтитын практикалық жұмысты орындау:
- копрологиялық препараттарды, қан жағындыларын және тері қырындыларын дайындау және микроскоппен зерттеу;
- паразиттік және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын сәйкестендіру;
- зертханалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және хаттаманы рәсімдеу.
Сынақтан өту критерийлері:
- зертханалық әдістемелерді дұрыс орындау;
- паразиттерді дұрыс сәйкестендіру;
- биологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау;
- зертханалық құжаттаманы дұрыс рәсімдеу.
Тыңдаушы барлық міндетті тапсырмаларды сәтті орындаған жағдайда қорытынды аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
Бағдарламаны қолдану аясы:
Біліктілікті арттыру бағдарламасы мынадай мақсаттарда қолданылуы мүмкін:
- «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінде;
- жануарлардың паразиттік және инвазиялық ауруларын диагностикалаудың зертханалық әдістерін енгізу және біріздендіру кезінде;
- эпизоотиялық саламаттылықты, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зооноздық аурулардың алдын алу мақсатында.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді және республикалық әрі өңірлік деңгейлерде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру кезінде қолданылуы мүмкін.



