Ветеринариялық зертханалық диагностикада және биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полимеразиялық тізбекті реакция (ПЦР)

Главная страница » Ветеринариялық зертханалық диагностика және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полимеразды тізбекті реакция (ПТР)
Бағдарламаны іске асыру мақсаты:

Биологиялық қауіпсіздік және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын сақтай отырып, ПТР және Real-Time PCR әдістері арқылы жануарлардың инфекциялық ауруларын молекулалық диагностикалау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Тыңдаушылар санаты:

Зертхана меңгерушілері, ветеринариялық дәрігерлер және зертханашылар.

Бағдарлама мамандардың төмендегі бағыттар бойынша жүйелі білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:
  • ПТР-зертхананың жұмысын ұйымдастыру;
  • ДНҚ/РНҚ бөліп алу;
  • классикалық ПТР жүргізу;
  • Real-Time PCR әдісін қолдану;
  • зерттеу нәтижелерін түсіндіру;
  • контаминацияның алдын алу;
  • нәтижелердің сапасы мен қадағалануын қамтамасыз ету.
Бағдарламаны әзірлеушілер:
Елшібаев Т.А. – бас директор Байсеитов С.Т. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Керимбаева А.У. – ветеринария ғылымдарының кандидаты
Базаров Е.Р. – ветеринария ғылымдарының магистрі
Бағдарлама түрі:
Біліктілікті арттыру бағдарламасы (өндірістік оқыту)
Бағдарлама көлемі:
60 академиялық сағат
Бағдарламаны меңгеру мерзімі:
5 жұмыс күні
Оқыту нысаны:
Күндізгі / күндізгі-қашықтан оқыту
Оқыту тілі:
Қазақ және орыс тілдері
Қорытынды құжат:
Біліктілікті арттыру туралы куәлік (сертификат)
Қорытынды аттестаттау нысаны:
Тестілеу және практикалық жұмыс

Байланыс

Астана қаласы, Республика даңғылы, 50/1

  • 2026 «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Барлық құқықтар қорғалған.