Бүгін: 28.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қытай делегациясы РВЗ Астана өңірлік филиалына барды
 
Қытай ветеринария мамандарының делегациясы Республикалық ветеринариялық зертхананың Астана өңірлік филиалының жұмысымен танысты. Сарапшылар ұйымның қызметімен танысып, зертхананың негізгі блоктарының жабдықталуын тексерді. Атап айтқанда, олар аусыл мен құс тұмауын диагностикалау әдістеріне қызығушылық танытты. Филиал қызметкерлері қонақтарға жануарлар ауруларын диагностикалау бөлімдері мен азық-түлік қауіпсіздігін зерттеу бөлімінің жұмысын көрнекі түрде көрсетті.
Сондай-ақ, қытай делегациясының өкілдеріне РВЗ жанындағы оқу-әдістемелік орталықтың жұмысы көрсетілді. ОӘО-да оқытуды және біліктілікті арттыруды тек РВЗ қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар басқа салаларының қызметкерлері де өтуі мүмкін екендігі атап өтілді.. Бұл орталық РВЗ бас директоры Т.А. Елшібаевтың күш-жігерінің арқасында ашылды және кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады.
ҚХР делегациясы желтоқсан айында Қазақстанға келіп, осы күндері ветеринария саласының түрлі ұйымдарына барды. Сапардың мақсаты - Қазақстанның ветеринариялық қызметіне аудит жүргізу және оның халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалау. Қазақстандағы жануарлардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қолдау жұмыстарымен танысқаннан кейін, аспан асты елінен келген қонақтар ҚР-дағы ветеринариялық қызметтің даму деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, оның халықаралық талаптарға сәйкестігін атап өтті.
"Еліміздің ветеринарлық зертханаларында заманауи жабдықтар мен білікті кадрлар бар. Олар жануарлардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай – ақ халықты жануарлардан адамға берілетін аурулардан қорғауда маңызды рөл атқарады", - деп атап өтті Қытайдың жануарлар гигиенасы және эпидемиологиясы орталығының ғылыми қызметкері Цзян Чжэнцзюнь.
Естеріңізге сала кетейік, қытайлық мамандар ветеринарлық қызметке аудит жүргізу үшін Қазақстанға келген болатын.