«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы лауазымына Нұрбол Оразалыұлы Өмір тағайындалды.
Нұрбол Оразалыұлы «Республикалық ветеринариялық зертхана» кәсіпорнының жүйесінде 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіби қызметі барысында сарапшыдан бастап кәсіпорынның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Оның ветеринариялық диагностика, зертханалық зерттеулер, жануарлар ауруларын диагностикалау және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында мол тәжірибесі бар.
Кәсіпорын жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар маманның бұл қызметке тағайындалуы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жұмыс тиімділігін одан әрі арттыруға және зертханалық қызметті жетілдіруге бағытталған.
Нұрбол Оразалыұлына жаңа қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер және нәтижелі жұмыс тілейміз!







