Республикалық ветеринариялық зертханада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және мемлекеттік әрі корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан Symbase цифрлық платформасы және 1С: Бухгалтерия жүйесімен интеграциялау бойынша қызметкерлерді оқыту аяқталды.

Оқыту Кәсіпорынның ішкі процестерін цифрлық трансформациялау, басқару жүйесін жетілдіру және заманауи корпоративтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңіне айналды. Оқу барысында қатысушылар Symbase платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен, жұмыс процестерін автоматтандыру тетіктерімен, тапсырмалардың орындалуын бақылау, деректерді жүйелеу және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету құралдарымен танысты.
Оқыту аясында платформаны 1С: Бухгалтерия жүйесімен интеграциялау, қаржылық және әкімшілік процестердің тиімділігін арттыру, ақпарат алмасуды оңтайландыру, сондай-ақ заманауи цифрлық басқару және әкімшілендіру құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Елшибаев Темирхан Амантаевич қатысып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің, қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттырудың және Кәсіпорынның бірыңғай цифрлық ортасын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Республикалық ветеринариялық зертхана процестерді цифрландыруға, заманауи ақпараттық технологияларды енгізуге және Қазақстан Республикасының зертханалық желісі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруда.







