2025 жылы Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмасы бойынша жөндеу-құрылыс бөлімі облыстық және өңірлік филиалдардың объектілерінде бірқатар жөндеу-қайта қалпына келтіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындады.
Жүргізілетін іс-шаралар Кәсіпорынның инженерлік және өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, объектілердің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге, зертханалық желі қызметкерлері үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, сондай-ақ объектілерді Қазақстан Республикасының ветеринариялық зертханаларын пайдаланудың қазіргі талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған.
Iске асырылған iс-шаралар қатарында:
- Астана өңірлік филиалында аумақты абаттандыру , шатырды жөндеу , кәріз жүйелерін жөндеу , сондай-ақ объектілерді кешенді ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды;
- Абай облыстық филиалының Қарауыл ауылының Абай аудандық ветеринариялық зертханасында бұрын тұрғын үй болып табылатын және жергілікті атқарушы орган берген ғимаратты толық жаңғырту жүргізілді.
Жұмыстарды жүзеге асыру барысында инженерлік коммуникациялардың сенімділігін арттыруға, объектілерді пайдалану шарттарын жақсартуға және биологиялық және өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін заманауи өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Жөндеу-құрылыс бөлімінің жүйелі жұмысының арқасында Қазақстан Республикасы зертханалық желісінің объектілерін дамыту және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жүйелі түрде іске асырылуы қамтамасыз етіледі.











