Бүгін Республикалық ветеринариялық зертхананың Абай облыстық филиалында бекітілген іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекциясы өкілдері, облыс ветеринариялық қызметінің мамандары, сондай-ақ салалық ұйымдар өкілдері қатысты.

Қонақшылар үшін филиалдың құрылымдық бөлімшелері бойынша танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. Сынақ қабылдау және ақпарат бөлімінің бастығы Кокенов Қайрат Мерекенович және жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісі Тергеубеков Даурен Омирбекович қатысушыларды зертхана қызметімен, сынамаларды қабылдау және тіркеу тәртібімен, диагностикалық зерттеулердің негізгі бағыттарымен және зертханалық бақылаудың қазіргі әдістерімен таныстырды.


Іс-шара барысында қатысушылар зертханалық жабдықтардың жұмысымен танысуға, мамандарға қызықты сұрақтар қоюға және ветеринариялық қауіпсіздік, зертханалық диагностика және бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
Ашық есік күнін өткізу зертханалық қызмет қызметінің ашықтығын арттыруға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан Республикасының ветеринариялық бақылау жүйесіне сенімін дамытуға ықпал етеді.






