2024 жылы Республикалық ветеринариялық зертхана объектілерінің инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі жұмыстар

Главная страница » Жаңалықтар » 2024 жылы Республикалық ветеринариялық зертхана объектілерінің инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі жұмыстар

2024 жылы Кәсіпорын инфрақұрылымын қолдау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмасына сәйкес облыстық және өңірлік филиалдарда бірқатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар зертханалық желі объектілерінің сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың тиісті техникалық жағдайын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринариялық зертханалары инфрақұрылымының пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталды.

Ағымдағы жөндеу аясында келесі жұмыстар орындалды:
— Абай облыстық филиалы ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары;
— Атырау облыстық филиалының кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары;
— Алтай аудандық ветеринариялық зертханасы ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Жұмыстарды жүргізу барысында Кәсіпорын ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды. Пайдалануға жарамды бөлшектелген құрылыс материалдары гараж және қойма үй-жайларын қоса алғанда, қосалқы объектілер қажеттілігі үшін қайта пайдаланылды.

Жөндеу-құрылыс бөлімінің жүйелі жұмысының арқасында объектілердің пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету және зертханалық желінің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Республикалық ветеринариялық зертхана инфрақұрылымды жаңғыртуға, өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ветеринариялық зертханалар жүйесі қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Актуальные новости