2024 жылы Республикалық ветеринариялық зертханада инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту іс-шараларын іске асыру және Кәсіпорын бас директорының тапсырмаларын орындау аясында зертханалық желі объектілерінің жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға бағытталған әлеуметтік және өндірістік маңызы бар кешенді жұмыстар жүргізілді.
Басым бағыттардың бірі объектілерді тұрақты әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру болды. Бұл зертханалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің, тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлар жасаудың және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Жүргізілген жұмыстар аясында келесі объектілер орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қосылды:
— Ақмола облыстық филиалының Ерейментау аудандық ветеринариялық зертханасы;
— Абай облыстық филиалының Жарма аудандық ветеринариялық зертханасы;
— Түркістан облыстық филиалының Қазығұрт аудандық ветеринариялық зертханасы.
Сонымен қатар зертханалық желі объектілерін орталықтандырылған газ және жылумен жабдықтау жүйелеріне көшіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды:
— Қызылорда облыстық филиалының Қазалы аудандық ветеринариялық зертханасы;
— Батыс Қазақстан облыстық филиалының Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасы;
— Атырау облыстық филиалының Құрманғазы аудандық ветеринариялық зертханасы.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аталған өңірлердегі Кәсіпорын объектілерінің орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздеріне, оның ішінде орталық газ жүйелері мен жылу электр орталықтарына толық көшуі қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараларды іске асыру инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар заманауи энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуге, пайдалану шығындарын азайтуға және зертханалық желі қызметкерлері үшін неғұрлым қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған.
Кәсіпорынның жөндеу-құрылыс бөлімінің жүйелі жұмысының арқасында зертханалық желі объектілерінің инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жаңғырту аясында бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, объектілердің энергия тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіз жылумен жабдықтау технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Аталған іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыру Республикалық ветеринариялық зертхананың материалдық-техникалық базаны дамытуға, объектілерді жаңғыртуға және өндірістік әрі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі тәсілін көрсетеді.













