Саммитте Республикалық ветеринариялық зертхананың қатысуы ветеринариялық бақылау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды дамытуға және халықаралық тәжірибені зерделеуге ықпал етеді.

Саммит аясында 2026 жылғы 23 сәуірде «Орта Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі: өңірлік ынтымақтастық арқылы су және жер ресурстарын тұрақты басқаруды алға жылжыту» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессияның модераторы ретінде Бас директордың орынбасары, Еуропа және Орталық Азия жөніндегі өңірлік өкілі, Виорел Гуцу мырза сөз сөйледі.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжуреков сәлемдесу сөздерімен кайрылды. Спикерлер өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігін және өңір елдерінің күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.
Панелдік талқылау барысында салалық министрліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев, Грузияның қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Нино Тандилашвили, Қырғыз Республикасының вице-министрі Алмаз Жээналиев, Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Бахромжон Ахмадзода, Түрікменстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Беркели Беркелиев, сондай-ақ Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының Бас директоры Берик Арын сөз сөйледі.
Талқылау аясында Орталық Азия елдерінің алдында тұрған негізгі қиындықтар, соның ішінде су ресурстарының тапшылығы, жердің деградациясы және климаттық өзгерістердің агроазық-түлік жүйелеріне әсері қарастырылды. Су және жер ресурстарын тиімді басқару, орнықты ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сессия қорытындысы бойынша су және жер ресурстарының азық-түлік қауіпсіздігімен өзара байланысы туралы хабардар етуді арттыру, өңірлік саяси диалогты нығайту және өңірдің климаттық және азық-түлік басымдықтарына сәйкес келісілген бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу қажеттілігі атап өтілді.







