Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен «Қазақстан Республикасының зертханалық қызметін жетілдіру» зертханалық секциясына қатысты

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен «Қазақстан Республикасының зертханалық қызметін жетілдіру» зертханалық секциясына қатысты

Секция тәжірибе алмасу, зертханалық диагностика және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы қазіргі заманғы тәсілдерді талқылау және инновациялық технологияларды енгізу үшін маңызды платформа болды. Жұмысқа Қазақстанның, ТМД елдерінің және халықаралық ұйымдардың жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты, бұл зертханалық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін ұлттық және халықаралық деңгейде талқылауға мүмкіндік берді.

Секция барысында зертханалар жұмысының алдыңғы қатарлы әдістері ұсынылды, зерттеулердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ нормативтік-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.

Іс-шара әртүрлі елдерден келген мамандар мен сарапшыларды бiлiм алмасу, алдыңғы қатарлы тәжiрибелердi талқылау және зертханалық қызметтi дамытуға ортақ көзқарастарды қалыптастыру үшiн бiрiктiруге мүмкiндiк берді. Мұндай секцияларды өткiзу кәсiптiк қоғамдастықты нығайтуға, зертханалық зерттеулердiң сапасын арттыруға және Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн дамытуға ықпал етедi.

Фото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото поста

Актуальные новости