Сапар барысында бас директор зертханалардың қызметімен танысты, зертханалық үй-жайларды, жабдықтарды және қызметкерлердің жұмыс жағдайларын қарап шықты.
Кеген аудандық ветеринариялық зертханасында кейбір ескертулер анықталды, олар бойынша жою үшін нақты тапсырмалар берілді.
Темірхан Амантайұлы ұжымдармен кездесу барысында жоғары кәсіби деңгейді, зертханалық зерттеулердің сапасын сақтау, жабдықтарды уақтылы жаңарту және қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша бас директор еңбек жағдайларын жақсартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.














