Бас директор Т.А. Елшібаев облыстық және өңірлік филиалдардың директорларымен, сынама қабылдау пункттерінің, Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ өндірістік мекеме қызметкерлерімен видеоконференция арқылы кеңес өткізді

Главная страница » Жаңалықтар » Бас директор Т.А. Елшібаев облыстық және өңірлік филиалдардың директорларымен, сынама қабылдау пункттерінің, Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ өндірістік мекеме қызметкерлерімен видеоконференция арқылы кеңес өткізді

Кездесу барысында Кәсіпорын қызметіне қатысты ағымдағы мәселелердің кең спектрі қаралды. Филиал басшылары алдағы жылыту маусымына объектілер мен инфрақұрылымды дайындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде туындайтын проблемалық мәселелер және оларды жедел шешу жолдары талқыланды. Кеңес қатысушылары өндірістік процестерді ұйымдастыру, шаруашылық қызмет және басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қосымша бақылау мен күш-жігерді үйлестіруді талап ететін басым бағыттар белгіленді.

Кеңес қорытындысы бойынша бірінші басшы филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар мен нұсқаулар берді. Бас директор белгіленген міндеттерді уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті және ұжымды алдағы кезеңде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағыттады.

Актуальные новости