Бағдарлама 23 маусымда Бонн қаласында Германияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік даму министрлігінің өкілдерімен кездесуден басталды. Делегацияны елдің бас ветеринариялық дәрігері — доктор Катарина Клуге қабылдады. Қатысушылар Германияда ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты.
Қауіпті аурулар мен эпизоотиялардың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ аурулар пайда болған кезде міндетті вакцинациялау функцияларын орындайтын жеке ветеринариялық дәрігерлермен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің халықаралық саудасының өзекті мәселелері талқыланды.
Осындай іс-шараларға қатысу кәсіби көзқарасты кеңейтеді, тәжірибе алмасуға ықпал етеді және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерге сәйкес Қазақстанның ветеринариялық жүйесін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.





















