Осы сапар аясында 12 және 13 наурыз күндері Жетісу, Алматы және Қызылорда облыстық зертханаларының зертханалық жануарлармен жұмыс істеуге жауапты әріптестерімен тәжірибе алмасу бойынша семинарлар өткізілді. Бұл сабақтарда зертханалық жануарларды орналастыру, селекциялау, көбейту, тамақтандыру және ұстау мәселелері талқыланды.
Семинарлардан кейін қатысушыларға оқу сертификаттары берілді. 14 және 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалында ФАО сарапшыларымен кездесу өтті, олар лаборатория деңгейін және сапа менеджменті жүйесінің ISO 17025 талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізді. Бағалау 100 сұрақ негізінде балл жүйесі бойынша жүргізілді. Аудит нәтижесінде кейбір әлсіз жақтары анықталды, олар тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдау үшін басшылыққа қарастырылады.
ФАО миссиясы сондай-ақ аймақтық ветеринариялық зертханалар қызметкерлерін анықталған әлсіздіктері бойынша оқытуды көздейді. Жалпы, зертхана сәйкестіктің жоғары деңгейін көрсетті, бірақ назар аударуды және түзетуді талап ететін жекелеген мәселелер бар.














