2026 жылғы 7–25 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының базасында мамандарға жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы–тандемді масс-спектрометрия әдісін практикалық тұрғыдан қолдану бойынша оқыту жүргізілді.
Оқыту жұмыстары Бас директор Темірхан Амантаевич Елшибаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.Үш апта бойы мамандар МемСТ 32834-2022, МемСТ 34136-2017 және ӘН А 1-061 әдістемелерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Практикалық даярлықты осы салада арнайы білімі мен тәжірибесі бар шетелдік сарапшылар – Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан келген бас маман Антон Олегович Рощин және Ксения Витальевна Авезова жүргізді.
Оқытудың басты нәтижесі – зертханалық зерттеулер тізбесіне дәрілік препараттардың қалдық мөлшерлерін анықтау бойынша қосымша 10 көрсеткіштің енгізілуі.
Жаңа әдістемелерді меңгеру РВЗ-ның «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011 талаптары шеңберінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуге, зерттеулермен қамтуды арттыруға және жануарлардан алынатын өнімдердегі ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерлерін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл тек біліктілікті арттыру ғана емес – зертханалар желісінің аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейту, ветеринариялық бақылау жүйесін нығайту және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша үлес қосу.




