Бас директордың қолдауымен Республикалық ветеринариялық зертханада ISO/IEC 17043:2023 бойынша оқу семинары өткізілді

Главная страница » Жаңалықтар » Бас директордың қолдауымен Республикалық ветеринариялық зертханада ISO/IEC 17043:2023 бойынша оқу семинары өткізілді

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының қолдауымен Астана өңірлік филиалының оқу-әдістемелік орталығында ISO/IEC 17043:2023 сәйкестікті бағалау.

Оқуға Кәсіпорынның 19 облыстық және өңірлік филиалының мамандары қатысты.
Оқу барысында біліктілікті тексеру провайдерлерінің құзыреттілігін қамтамасыз етуге, зертханалық зерттеулердің нәтижелерінің сенімділігін арттыруға және сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге бағытталған ISO/IEC 17043:2023 халықаралық стандартының талаптары егжей-тегжейлі қаралды.

Семинар аясында қатысушылар зертханалардың құзыреттілігін және халықаралық талаптарға сәйкестігін растаудың маңызды құралы болып табылатын зертханааралық салыстырмалы сынақ бағдарламаларын жоспарлаудың, іске асырудың және бағалаудың қазіргі тәсілдерімен танысты.

Алынған білім мен практикалық дағдылар зертхана қызметін одан әрі жетілдіруге, мамандардың кәсіби даярлығы деңгейін арттыруға, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аккредиттеу рәсімдерін сәтті өтуіне бағытталатын болады.

Мұндай іс-шараларды өткізу зерттеулердің сапасын қамтамасыз етуге бірыңғай тәсілдерді енгізуге, қазіргі заманғы зертханалық жүйені дамытуға және сынақ нәтижелеріне сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Актуальные новости