Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Біріккен көп салалы ауыл шаруашылығы зертханасының салтанатты ашылуы өтті

Главная страница » Жаңалықтар » Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Біріккен көп салалы ауыл шаруашылығы зертханасының салтанатты ашылуы өтті

Шараға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпелович, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сактағанов Нұрымбет Аманович, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлин қатысты.

Лабораторияның ашылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімді іске асыру нәтижесінде мүмкін болды және елдің ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолында маңызды қадам болды. Салтанатты рәсім барысында ауыл шаруашылығы министрі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлеріне адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Отличник сельского хозяйства» төсбелгісін және Құрмет грамоталарын тапсырды.
️ ️ Ұранова Гүлшара Жәнісбековна Жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісі;
️ ️ Өмірзақов Венера Нұрлыбековна — азық-түлік қауіпсіздігі зертханасының аға ветеринариялық дәрігері;
️ ️ Мұзайыкова Ғулім Аралбековна — Зайсан аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринариялық дәрігері;
️ ️ Қабаева Алия Қайырбековна — Күршім аудандық ветеринариялық зертханасының санитариялық маманы;
️ ️ Тынжанова Қырмызы Қызырхановна — Алтай аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі.

Сондай-ақ министр филиал директорларына «ГАЗел» қызметтік автокөліктерінің 17 кілтін тапсырды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар үшін зертхана бойынша танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсияны Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Елшібаев Темірхан Амантайұлы жеке өткізді.

Актуальные новости