«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың бастамасымен Павлодар облыстық филиалының Баянауыл аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі Қайрат Айткенович Молдасарин мемлекеттік наградаға ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қайрат Молдасарин ветеринария саласын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мамандығы бойынша 32 жылдық еңбек өтілі бар Қайрат Молдасарин оның 15 жылын Республикалық ветеринариялық зертханада қызмет етуге арнаған. Осы уақыт ішінде ол тәжірибелі әрі жауапты маман ретінде танылып, зертхананың алдына қойылған міндеттерді орындауға елеулі үлес қосып келеді.
Бұл мемлекеттік марапат — маманның көп жылғы адал еңбегіне және еліміздің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне берілген жоғары баға.






