Достар, біз сіздермен қуанышпен бөлісеміз!

Главная страница » Жаңалықтар » Достар, біз сіздермен қуанышпен бөлісеміз!

Достар, біз сіздермен қуанышпен бөлісеміз!
 
Батыс Қазақстан облыстық филиалының Теректі аудандық ветеринариялық зертханасында жұмыс істейтін әріптесіміз Демеутов Саламат Арыстанұлы ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жас маман номинациясында Жыл үздігі сыйлығының иегері болды.
Демеутов С.А. РВЛ құрылымында 2022 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді, ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі сегіз жылдан астам. Ол Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша түлек.
Саламат өз жұмысын шын жүректен жақсы көреді және өз біліктілігін үнемі арттырады.Бұл жылы ол «Патогендіктің II тобының аса қауіпті инфекцияларының биологиялық қауіпсіздігі, эпидемиологиясы және микробиологиясы» циклі бойынша қайта даярлаудан өтті.
РВЛ-де 2 жыл жұмыс істегені үшін Теректі аудандық ветеринариялық зертханасының директорынан, сондай-ақ Теректі ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жыл үздігі жастар сыйлығы жыл сайын әртүрлі номинациялар бойынша өткізіледі. Біздің әріптесіміз Демеутов Саламат Арыстанұлының осы қызықты байқауда аталғанына қуаныштымыз.
 

Актуальные новости