Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмаларын орындау аясында 2026 жылғы 21–22 мамыр аралығында зертханалық желі объектілерін тексеру, инженерлік инфрақұрылымның техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ Шу аудандық ветеринариялық зертханасының қазандық жабдықтары мен қазандық үй-жайлары бойынша техникалық шешімдер қабылдау мақсатында Жамбыл облыстық филиалына жұмыс сапары жүзеге асырылды.
Іссапар барысында 2024–2025 жылдары желдету жүйелерін орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген объектілерге, оның ішінде Жуалы аудандық ветеринариялық зертханасы мен Тұрар Рысқұлов атындағы ветеринариялық зертханаға бақылау тексеруі жүргізілді. Тексеру нәтижесінде желдету жүйелерінің жарамды күйде екендігі және штаттық режимде жұмыс істейтіні анықталды. Сонымен қатар кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін жүйелерді әрі қарай қауіпсіз пайдалану мақсатында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі атап өтілді.
Жұмыс сапары аясында Меркі, Мойынқұм және Шу аудандық ветеринариялық зертханалары да тексерілді. Ғимараттардың техникалық жай-күйі, инженерлік коммуникациялар, қазандық жабдықтары, сумен жабдықтау, желдету және жылумен жабдықтау жүйелерінің жағдайы қаралды. Объектілерді жаңғырту, санитариялық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету, пайдалану сенімділігін арттыру және зертханалық желі қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Республикалық ветеринариялық зертхана объектілерінің инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және биологиялық әрі өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған техникалық шешімдерді іске асыру бойынша алдағы жұмыстар айқындалды.












