Жамбыл облысына жұмыс сапары
Республикалық ветеринариялық зертхананың директоры Т.А. Елшібаев Жамбыл облыстық филиалына жұмыс сапарымен барды .
Сапар барысында Т.А. Елшібаев Тараз қаласында орналасқан ғимаратта филиал ұжымымен кездесті. Мұнда мал шаруашылығы өнімдерінің эпизоотиялық қауіпсіздігін және халықты жалпы аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін 44 маман жұмыс істейді. Жамбыл облыстық филиалында барлығы 144 қызметкер жұмыс істейді.
Сапар аясында РВЛ директоры филиал ғимаратының жай-күйімен танысып, зертхананың үй-жайларын қарап, қызметкерлермен өзекті мәселелерді талқылады.
Жамбыл облыстық филиалы:
— жануарлардың ауруларын диагностикалау;
— азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу;
— ветеринариялық-санитариялық сараптама;
— биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою;
— дезинфекция сапасын бактериологиялық зерттеулер;
Жамбыл облыстық филиалына бүкіл облыстан серологиялық, вирусологиялық және бактериологиялық зерттеулерге сынамалар жіберіледі, сондай-ақ филиал Тараз қаласы мен Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік жоспардың орындалуын толық қамтамасыз етеді.
Қызмет көрсету аумағына Тараз қаласы және 10 аудан: Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркен, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас, Сарысу, Мойынқұм және Шу аудандары кіреді.
Жамбыл облыстық филиалы ірі және ұсақ малдарды диагностикалау үшін ИФА зертханасымен, ИФА қою үшін жабдықтар жиынтығымен, ПЦР жиынтығымен, ПЦР зертханасымен жабдықталған және II-III-IV топтағы патогендік микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар.
РВЛ бас директоры Темирхан Амантаевич мұндай сапарлар және персоналмен кездесулер ашық диалогты ұстап қалуға және бүкіл ұжымның жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігіне сенімді.














