Бұл маңызды оқиға 1 сәуірде Алматыда өтті және зертханалық зерттеулер және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарды жинады.
Үстіміздегі жылы Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері NLLP бағдарламасына іріктеудің беделді конкурсына алғаш рет қатысты. Т.А. Елшибаевтың қолдауымен орталық аппараттың бөлім басшылары Алтынай Үскенбайқызы, Айгүл Сарқытқановна және Саят Төлебайұлы іріктеуден табысты өтті және зертхана саласындағы көшбасшылықты дамытуға бағытталған білім беру бастамасының бір бөлігі болады.
Мемлекеттік ведомстволардың өкілдері, соның ішінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ Экологиялық реттеу комитеті құттықтау сөздерін айтты. Спикерлер NLLP бағдарламасының зертханалық көшбасшылықты дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Қазақстанда бағдарламаның мақсаттары мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қатысушылар Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зертхана мамандарының негізгі рөлі туралы сөзін тыңдады.
NLLP аясында менторлық туралы қосымша ақпарат берілді, ал бірінші кохорттың түлектері өздерінің табысты тарихымен бөлісті және жаңа қатысушыларға пайдалы кеңестер берді. Ресми бөлімнің аяқталуы зертхана саласы мамандарына жаңа перспективалар ашатын білім беру процесін бастау нүктесі болды.

















