Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының орынбасары Қыйзайбаев Таскын Серікұлы қатысты.
В.Б. Шокубасов аудандық ветеринариялық станция меңгерушісінен бастап орталық органдар мен өңірлік құрылымдардағы басшы лауазымдарға дейін өтті. Жұмыс жылдары ол өзін ветеринариялық бақылау, зертханалық диагностика және өндірістік процестерді ұйымдастыру саласындағы терең білімге ие сауатты басқарушы ретінде дәлелдеді. Оның кәсіби тәжірибесі практикалық және әкімшілік қызметті, оның ішінде зертханалық бөлімшелерді басқаруды және саладағы өндірістік бағыттарды үйлестіруді қамтиды.
Валихан Баялыұлының РВЛ-де негізгі лауазымға тағайындалуы басқару тікдігін одан әрі нығайтуға, филиалдардың жұмыс тиімділігін арттыруға және зертханалық диагностиканы ұйымдастыруға қазіргі заманғы тәсілдерді енгізуге бағытталған. РВЛ ұжымы оның басшылығымен кәсіпорынның өндірістік қызметі сапа мен кәсіби жауапкершіліктің жаңа деңгейіне шығады деген сенімін білдірді.











