«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Бас директоры Темірхан Елшібаев Кәсіпорынның комплаенс-қызметінің бас сарапшысы Гульнар Каликанқызы Байжановамен 60 жас мерейтойына орай құттықтау кездесуін өткізді.
Гульнар Каликанкызы еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Осы жылдар ішінде қаржы-экономикалық сала мен бухгалтерлік есеп бағытында мол кәсіби тәжірибе жинақтады.
2012 жылдан бері Республикалық ветеринариялық зертханада еңбек етіп, түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап Кәсіпорынның комплаенс-қызметінің бас сарапшысы қызметін атқарып келеді.
Құттықтау барысында Темірхан Елшібаев мерейтой иесінің көпжылдық адал еңбегін, жоғары кәсібилігін және Кәсіпорын қызметіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Бас директор Гульнар Каликанкызына зор денсаулық, бақ-береке, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр және кәсіби табыс тіледі.






