26 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Су шаруашылығы және ветеринарияның өзекті мәселелеріне арналған Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бисенбайұлы Бердалин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек, Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Рахметолаулы Егизбаев және жеті депутат, ҚР МСХ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қақазбек Қазиханұлы Ташимов пен оның орынбасары Таскин Серікұлы Кызайбаев, сондай-ақ облыстардың аумақтық инспекциялары мен ветеринария басқармаларының басшылары құрамындағы делегация Жамбыл облыстық филиалына келді.
Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев қонақтар үшін жаңартылған зертханалық кешен бойынша экскурсия өткізді. Делегацияларға биологиялық және азық-түлік сынамаларын дәл талдауды жүргізуге мүмкіндік беретін масса-спектрометриясы бар жоғары тиімді сұйық хроматографияның ең жаңа жүйесімен жабдықталған заманауи зертханалық үй-жайлар көрсетілді.
Іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Рахметоллаулы Егизбаев Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлеріне ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атынан «Ең үздік ауыл шаруашылығы қызметкері» төсбелгілерін тапсырды.
Жеңімпаз қызметкерлер:
Аида Батырбековна Алтынбекова Мойынқұм аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі;
Даурен Айтбайұлы Алагёзов Жуалы аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі;
Лазат Жамашевна Иманбекова патологиялық-биохимиялық зертхананың токсикология, радиология және биохимия бөлімінің маманы;
Раиса Елибаевна Анарбаева Меркі аудандық ветеринариялық зертханасының зертханашысы;
Айнаш Саметовна Керимбаева Инфекциялық аурулар зертханасының серологиялық бөлімінің зертханашысы.






