Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директорының Қостанай облыстық филиалына жұмыс сапары

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директорының Қостанай облыстық филиалына жұмыс сапары

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Елшібаев жұмыс сапары аясында кәсіпорынның Қостанай облыстық филиалына барды.

Сапар барысында бас директор филиалдың қызметімен, зертханалық үдерістердің ұйымдастырылуымен және зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысты. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары сынамаларды қабылдау және ақпараттандыру бөлімінің, жануарлар ауруларын диагностикалау және тағам қауіпсіздігі зертханаларының жұмысын таныстырып, сынамаларды қабылдау, тіркеу және одан әрі зерттеу кезеңдеріне жіберу тәртібі, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді жүргізу кезеңдері туралы баяндады.

Зертханалық үдерістердің ағымдылық қағидатының сақталуына, жұмыс аймақтарының дұрыс бөлінуіне, бөлімшелердің техникалық жабдықталуына және нысанның санитариялық жағдайына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы зертханасының үй-жайлары, өндірістік және қосалқы аймақтар, сондай-ақ филиалдың іргелес аумағы тексерілді.

Сапар қорытындысы бойынша бас директор Қостанай облыстық филиалындағы жұмыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Ол ұжымның кәсібилігін, қызметкерлердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын, зертханадағы тазалық пен тәртіпті және жұмыс барысында сапаның жоғары стандарттарының сақталуын атап өтті.

Кездесу соңында Темірхан Елшібаев филиал ұжымына адал еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігі үшін алғыс білдіріп, ветеринариялық зертхана мамандарының күнделікті жұмысы эпизоотиялық саламаттылықты, Қазақстан Республикасының биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Актуальные новости