Қазақстан Париж қаласында өтетін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 93-ші Бас сессиясына қатысады

Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Париж қаласында өтетін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 93-ші Бас сессиясына қатысады

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров басқарды.Сессия аясында биологиялық қауіпсіздік, трансшекаралық жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық ветеринариялық жүйені нығайту мәселелері талқыланады.Шараға ұйымның 182 мүше елінің өкілдері қатысады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда ветеринариялық саланы жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін ұсынды. Еліміздің ветеринария жүйесінде бүгінде 15 мыңнан астам маман жұмыс істейді, 168 заманауи зертхана және 2 мыңнан астам ветеринариялық станциялар жұмыс істейді. Ғылыми-диагностикалық базаны дамытуға, зертханалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылады. Қазақстанның жүргізіп жатқан жұмысы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы тарапынан оң баға алды. ДСҰ Бас директоры Эммануэль Субейран зертханалық зерттеулерді дамытуға, ветеринариялық жүйені жетілдіруге және ерекше қауіпті жануарлар ауруларына қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті.

Бүгінде Қазақстан агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін жүйелі түрде нығайтады және мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтеді.

Республикалық ветеринариялық зертхана заманауи диагностикалық базаны дамыту, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ветеринариялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған халықаралық стандарттарды енгізу және зертханалық жүйені жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Байланыстар:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/769342-kazakstan-biologialyk-kauipsizdikti-kusejtude
https://24.kz/ru/news/in-the-world/769221-kazakhstan-uchastvuet-v-93-j-generalnoj-sessii-vozzh

Актуальные новости