Делегация құрамына Куликова Нина Георгиевна, Битюмина Люция Айткалиевна, Морозова Мария Сергеевна, Польщикова (Детистова) Галина Игоревна және Сушилин Александр Валерьевич кірді.
Азық-түлік өнімдеріндегі және ауыл шаруашылығындағы микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі өңірлік зертханалық желісін дамытуға Қазақстан Республикасының үлесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен күш-жігерлер азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін жақсартуға және жануарлардың денсаулығын нығайтуға бағытталған, бұл өңірдің жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.
Сондай-ақ, біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу үшін бірлескен зерттеулер жүргізу және мамандарды оқыту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл шаралар ғылыми байланыстарды нығайтуға және антибиотиктерге төзімді патогендердің таралуын бақылау және алдын алу әдістерін жақсартуға мүмкіндік береді.









