2024 жылы Республикалық ветеринариялық зертханада инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және Кәсіпорын бас директорының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде зертханалық желі объектілерінің жұмыс істеу шарттарын жақсартуға бағытталған әлеуметтік және өндірістік маңызды жұмыстар кешені жүргізілді.
Объектілердің тұрақты және үздіксіз сумен жабдықтауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру басым бағыттарының бірі болды, бұл тиісті санитарлық-тұрмыстық жағдай жасау, биологиялық қауіпсіздікті және зертханалардың орнықты жұмысын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Жүргiзiлетiн жұмыс шеңберiнде сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерiне мынадай объектiлердi қосу орындалды:
- Ақмола облыстық филиалының Ерейментау РВЛ;
- Абай облыстық филиалының Жарма РВЛ;
- Түркістан облыстық филиалының Қазығұрт РВЛ.
Бұдан басқа , зертханалық желі объектілерін газ және жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылды:
- Қызылорда облыстық филиалының Қазалы РВЛ;
- Батыс Қазақстан облыстық филиалының Қаратөбе РВЛ;
- Атырау облыстық филиалының Құрманғазы РВЛ.
Аталған өңірлерде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Кәсіпорын объектілерінің орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздеріне, соның ішінде орталық газбен жабдықтау және ТЭЦ жүйесіне толық өтуі қамтамасыз етілді.
Осы іс-шараларды іске асыру инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар заманауи энергия тиімді шешімдерді енгізуге, пайдалану шығыстарын азайтуға және зертханалық желі қызметкерлері үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған.
Кәсіпорынның жөндеу-құрылыс бөлімінің жүйелі жұмысының арқасында зертханалық желі объектілерінің инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жүйелі түрде іске асырылуы қамтамасыз етіледі.
жаңғырту шеңберінде бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану, объектілердің энергия тиімділігін арттыру және жылумен жабдықтаудың экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Аталған іс-шараларды жүйелі түрде іске асыру Республикалық ветеринариялық зертхананың материалдық-техникалық базаны дамытуға, объектілерді жаңғыртуға және өндірістік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға жүйелі көзқарасын көрсетеді.













