2024 жылы Кәсіпорын инфрақұрылымын қолдау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының тапсырмасы бойынша облыстық және өңірлік филиалдарда бірқатар жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары орындалды.
Жүргiзiлетiн iс-шаралар зертханалық желi объектiлерiнiң сенiмдi және қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз етуге, ғимараттар мен инженерлiк коммуникациялардың тиiстi техникалық жай-күйiн ұстауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринариялық зертханалары инфрақұрылымының қызмет мерзiмiн ұзартуға бағытталған.
Ағымдағы жөндеу шеңберінде мынадай жұмыстар орындалды:
- Абай облыстық филиалы ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеу;
- Атырау облыстық филиалының кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу;
- Алтай аудандық ветеринариялық зертханасының төбесін ағымдағы жөндеу.
Жұмыс жүргізу барысында Кәсіпорын ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды, одан әрі пайдалануға жарамды бөлшектенген құрылыс материалдары қосалқы объектілердің, оның ішінде гараж және қойма үй-жайларының қажеттіліктері үшін қайтадан пайдаланылды.
Жөндеу-құрылыс бөлімінің жүйелі жұмысының арқасында объектілердің пайдалану сенімділігін қолдау және зертханалық желілердің жұмыс істеу шарттарын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілуі қамтамасыз етіледі.
Республикалық ветеринариялық зертхана инфрақұрылымды жаңғыртуға, өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ветеринариялық зертханалар жүйесі қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда.










