9 маусымда Қазақстанда Малшылдар күні атап өтілді

Главная страница » Жаңалықтар » 9 маусымда Қазақстанда Малшылдар күні атап өтілді

Қазақстан малшылдар күнін атап өтеді! Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 49%-дан астамын қамтамасыз ететін елдің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш саланың тұрақты дамуы мен оның азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеу үшін маңызы туралы дәлелдейді.

Мемлекеттік қолдау мен мамандардың табанды еңбегі арқасында соңғы бес жылда ірі қара, қой, жылқы және жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету қол жеткізілді, ал құс еті бойынша импортта көз карандылық 51% -дан 27% -ға дейін төмендеді. Мал шаруашылығына субсидиялар көлемі 30% -ға жуық өсіп, 2023 жылы 147 млрд теңгені құрады.

2023 жылы қуаттылығы 30,8 мың тонна сүт, қуаты жылына 86,5 мың тонна құс етін өндіретін 4 құс фабрикасы іске қосылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік қолдау шараларын күшейтудің арқасында асыл тұқымды жануарлардың үлестік салмағы 12% -дан асты.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі ұзақ мерзімді басымдығы — ет мал шаруашылығы. Бұл модель көшпелі мал шаруашылығының дәстүріне және Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына негізделеді: 180 млн. га жайылымдар, 3,8 млн. адам еңбекке қабілетті ауылдық халық, жылына жалпы импорты 2 млн. тоннанан астам ет бар өсіп келе жатқан нарыққа жақындау, жемдік базаға әлеуетті дамыған өсімдік шаруашылығы.

Малшылдар күні — еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің және экономикасының дамуына күн сайын салмақты үлес қосқандардың еңбегін атап өтетін мереке.

Актуальные новости