Филиалдар тарихы

Тізімнен филиалды таңдап алып, оның тарихын, басшыларын, жетістіктерін және мұрағат материалдарын қараңыз.

Филиал басшылары

Филиалдың қазіргі суреттері

Марапаттар

Тарих

1939 жыл

Өңірдегі ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізін қалаған облыстық зертханалық қызметтің қалыптасуы.

1999–2000 жж.

Мекеме «Қарағанды облыстық ветеринариялық зертханасы» РМК ретінде жұмыс істеді.

2000–2002 жж.

«Орталық ветеринариялық зертхана» РМК құрылымына өтті.

2002–2008 жж.

«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырылды.

2008–2010 жж.

Филиал ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетіне бағынысты «РВЗ» РМКҚК құрылымында жұмысын жалғастырды. 2008 жылғы желтоқсанда облыстың 7 ауданында жаңа үлгілік аудандық ветеринариялық зертханалар салу үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін

Филиал қайта құрылып, ресми түрде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қарағанды облыстық филиалы ретінде қызмет атқара бастады.
Облыстық зертхана ғимаратына толық ауқымды реконструкция және күрделі жөндеу жүргізілді. Осыдан кейін мекеме ISO/IEC 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша аккредиттеуден сәтті өтті.
Бүгінде филиал құрамына облыстық ветеринариялық зертхана, Сынамаларды қабылдау және ақпарат бөлімі, 9 аудандық ветеринариялық зертхана (Ақтоғай, Балқаш, Шет, Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Ұлытау, Жаңаарқа аудандық ветеринариялық зертханалары) және Жезқазған қаласындағы сынамаларды қабылдау пункті кіреді.

Байланыс

Астана қаласы, Республика даңғылы, 50/1

  • 2026 «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Барлық құқықтар қорғалған.