Бүгін «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев Астана өңірлік филиалына барып, газбен жылыту жүйесінің іске қосылуын қадағалап, нысанға жылу беруді өзі тексерді.
Бұған дейін филиал ғимараттары дизель отынымен жылытылып келген. Газбен жылыту жүйесіне көшу Бас директордың тапсырмасы және тікелей бақылауымен, Кәсіпорын басшылығы мен жауапты мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта зертхананың барлық бөлмелері мен филиал аумағындағы қосалқы нысандарға жылу берілді. Бұл қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, зертхананың жылыту маусымында үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
онымен қатар, табиғи газды пайдалану дизель отынын тұрақты түрде жеткізу және сақтау қажеттілігін жояды. Жаңа жылыту жүйесінің іске қосылуы Астана өңірлік филиалының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады.






