Республикалық ветеринариялық зертханадағы жаңа кадрлық тағайындау

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертханадағы жаңа кадрлық тағайындау

«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың бұйрығымен Нұрбол Оразалыұлы Өмір Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының міндеттерін атқарушы болып лауазымына тағайындалды.

Нұрбол Оразалыұлы «Республикалық ветеринариялық зертхана» жүйесінде 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіби қызметі жылдарында сарапшыдан Кәсіпорын филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Оның ветеринариялық диагностика, зертханалық зерттеулер, жануарлар ауруларын диагностикалау және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында мол тәжірибесі бар.

Кәсіпорын жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар маманды тағайындау Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызмет тиімділігін одан әрі арттыруға және зертханалық қызметті жетілдіруге бағытталған.

Нұрбол Оразалыұлына жаңа қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер және нәтижелі жұмыс тілейміз!

Актуальные новости