Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Елшібаевтың бастамасымен және қолдауымен әдіснама және оқу-әдістемелік орталық бөлімінің басшысы Т.А. Байсеитов Саят Төлебайұлы Германияға оқу-ақпараттық сапарға шықты

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Елшібаевтың бастамасымен және қолдауымен әдіснама және оқу-әдістемелік орталық бөлімінің басшысы Т.А. Байсеитов Саят Төлебайұлы Германияға оқу-ақпараттық сапарға шықты

Бағдарлама 23 маусымда Бонн қаласында Германияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік даму министрлігінің өкілдерімен кездесуден басталды. Делегацияны елдің бас ветеринариялық дәрігері — доктор Катарина Клуге қабылдады. Қатысушылар Германияда ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты.

Қауіпті аурулар мен эпизоотиялардың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ аурулар пайда болған кезде міндетті вакцинациялау функцияларын орындайтын жеке ветеринариялық дәрігерлермен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің халықаралық саудасының өзекті мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шараларға қатысу кәсіби көзқарасты кеңейтеді, тәжірибе алмасуға ықпал етеді және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерге сәйкес Қазақстанның ветеринариялық жүйесін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Фото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото поста

Актуальные новости