Елдің биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Республикалық ветеринариялық зертханасының ұжымы тұрақты және тиімді мемлекеттік жүйенің маңыздылығын түсінеді.
Мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту салалардың дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Біз алдағы референдумды еліміздің тарихындағы маңызды кезең ретінде қарастырамыз және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырамыз. Қазақстанның болашағы қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш-жігерімен қалыптастырылады, ал референдумға қатысу — бұл әрбір азаматтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, орнықтылығын және өркендеуін нығайтуға қосқан үлесі.







