Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушымен жұмыс кездесуі өткізді

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушымен жұмыс кездесуі өткізді

Кездесуге Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды облыстық филиалының директоры Зейноллина Гүлнара Маратовна, Республикалық ветеринариялық зертхананың ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Сарсебаев Абылай Оналбекұлы, аудан әкімдігінің өкілдері және Кәсіпорынның жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында зертханалық желі объектілерін одан әрі дамыту және жаңғырту, аудан аумағындағы Республикалық ветеринариялық зертхананың материалдық-техникалық базасын нығайту және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бас директор Қарқаралы ауданының басшылығына аудандық ветеринариялық зертхананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға көмек көрсеткені және өндірістік мәселелерді шешу кезінде конструктивті өзара іс-қимыл жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Тараптар бірлескен жұмыс зертханалық қызметті жүзеге асыру үшін заманауи жағдайлар жасауға, ветеринариялық бақылаудың сапасын арттыруға, биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға және өңірдің ветеринариялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ зертханалық желілерді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыру бойынша тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық расталды.

Кездесу соңында ауданның ветеринариялық инфрақұрылымын дамытуға және жаңа аудандық ветеринариялық зертхананы салуға қосқан едәуір үлесі үшін Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мусин Саят Кабиденович Республикалық ветеринариялық зертхананың корпоративтік медалімен марапатталды.

Актуальные новости