Республикалық ветеринариялық зертхананың өкілдері сала мамандарын марапаттау рәсіміне қатысты

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхананың өкілдері сала мамандарын марапаттау рәсіміне қатысты

Астана қаласында мал шаруашылығы саласы мен ветеринариялық қызметтің үздік өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директоры Елшибаев Темірхан Амантаевич және Кәсіпорын өкілдері қатысып, отандық мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамытуға, сондай-ақ еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан мамандарды ұлықтауға арналған маңызды оқиғада әріптестерімен бірге болды.

Салтанатты рәсім барысында сала үздіктері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ветеринариялық қызметтің эпизоотиялық саламаттылықты қамтамасыз етуде, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Марапатталғандардың қатарында Республикалық ветеринариялық зертхананың Шымкент өңірлік филиалының директоры Калтаев Аскар Жорабекович те бар. Ол көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ветеринария саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Республикалық ветеринариялық зертхананың ұжымы Калтаев Аскар Жорабековичті жоғары наградасымен құттықтап, зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметіне табыс және Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметін дамыту жолында жаңа жетістіктер тілейді.

Актуальные новости