Республикалық ветеринариялық зертхана азық түлік өңімдерінің кауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуде

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхана азық түлік өңімдерінің кауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуде

2026 жылғы 7–25 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының базасында мамандарға жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы–тандемді масс-спектрометрия әдісін практикалық тұрғыдан қолдану бойынша оқыту жүргізілді.

Оқыту жұмыстары Бас директор Темірхан Амантаевич Елшибаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.Үш апта бойы мамандар МемСТ 32834-2022, МемСТ 34136-2017 және ӘН А 1-061 әдістемелерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді.

Практикалық даярлықты осы салада арнайы білімі мен тәжірибесі бар шетелдік сарапшылар – Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан келген бас маман Антон Олегович Рощин және Ксения Витальевна Авезова жүргізді.

Оқытудың басты нәтижесі – зертханалық зерттеулер тізбесіне дәрілік препараттардың қалдық мөлшерлерін анықтау бойынша қосымша 10 көрсеткіштің енгізілуі.

Жаңа әдістемелерді меңгеру РВЗ-ның «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011 талаптары шеңберінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуге, зерттеулермен қамтуды арттыруға және жануарлардан алынатын өнімдердегі ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерлерін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұл тек біліктілікті арттыру ғана емес – зертханалар желісінің аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейту, ветеринариялық бақылау жүйесін нығайту және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша үлес қосу.

Актуальные новости