2022 жылдың 7 және 8 желтоқсанында Мәскеу қаласында Тұтынушылардың құқықтары мен адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметінің (Роспотребнадзор) эгидасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) техникалық көмегімен «Азық-түлік қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға төзімділікті төмендету жөніндегі бірлескен күш-жігерлер» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, онда Т.Елшибаев Еуропа, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан елдерінің өкілдерімен бірлесіп қатысады.
Конференция аясында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға төзімділікті төмендету бойынша бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды, сондай-ақ басқа елдердің табысты тәжірибесі мен ұсыныстарын қарастырды.
Айта кетейік, азық-түлік қауіпсіздігі адам мен болашақ ұрпаққа зиянды әсер етумен байланысты рұқсат етілмейтін тәуекелдің жоқтығын көрсетеді.










