2022 жылдың 12 тамызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшылығы А.Ш. Жақыпбаевтың Щелковский биокомбинат Федералдық қазыналық кәсіпорнының директоры О.В. Акилинмен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірлескен бағдарламасын әзірлеуді және бірлескен өндірісті ұйымдастыруды талқылау мәселелері бойынша кездесуі өтті .
Сондай-ақ, кездесуге Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен Комитеттің басқармаларының басшылары қатысты.
Федералдық қазыналық кәсіпорны Щелковский биокомбинат (бұдан әрі ФКП) өкілдері өз кәсіпорнын ветеринариялық қолдану үшін иммунобиологиялық дәрілік препараттарды шығаратын агробиологиялық өнеркәсіптің ең ірі Ресей кәсіпорындарының бірі ретінде таныстырды.
Кәсіпорынның негізгі міндеті ветеринария және мал шаруашылығы үшін иммунобиологиялық және дәрілік заттарға мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз ету, елдің биологиялық қауіпсіздігін қолдау болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпорын Қазақстанның жетекші биотехнологиялық ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірлескен бағдарламасын әзірлеу және бірлескен өндірісті ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.







