Жаңалықтар
- 91
Ұзақ уақыт бойы ветеринариялық зертханалар автокөліктердің тозуына байланысты айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Мал азығы мен басқа да қажетті материалдарды облыстық және аудандық филиалдарға жеткізуде қолданылатын көліктер ұзақ уақыт пайдаланылуы салдарынан жиі істен шығып, жеткізілімдердің кешігуіне және қызмет көрсету шығындарының өсуіне алып келді.
- 86
Курстың тақырыбы жануарлардың бруцеллезін зерттеудің серологиялық әдістері болды.
- 128
2024 жылғы 25-28 қараша аралығында «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Оқу-әдістемелік орталығында «Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін серологиялық зерттеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс ұзақтығы 35 академиялық сағатты құрайды және Бас директор Т.А. Елшібаевтың бастамасымен өткізілді. Ветеринария саласының мамандары бруцеллезді диагностикалау және зерттеу әдістері бойынша өз білімдерін тереңдетіп, зертханалық жұмыстағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
- 86
Бұл іс-шара мереке күндері қызметкерлерді көтермелеу бастамасының бір бөлігі болды.
- 89
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаровтың қолы қойылған бұл награда ветеринария саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы болып табылады.